Шымкентте ОҚО түрмелерінде шығарылатын тауарлар көрмесі өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы ИЧ-167/3 мекемесінде облыстағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері шығаратын өнеркәсіп тауарлары мен ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесі өтті, деп хабарлады ОҚО бойынша ҚАЖ департаментінен.
None
None

«Шараның негізгі мақсаты - шағын және орта бизнес өкілдерін сотталғандар үшін жұмыс орындарын құруға тарту. Шымкент қаласының кәсіпкерлері өндірісті орналастыру үшін жұмыс істемейтін цехтардың бос алаңдарын қарап шықты. Оларға пластик терезелерін, түрлі темір-бетон материалдарын, металл бұйымдарын (қоршау, қақпа, қоқыс контейнерлері және т.б), тігін бұйымдарын (арнайы киім, төсек-орын жабдықтары және т.б.), сондай-ақ нан-тоқаш өнімдерін шығаратын өндірістік цехтарда жұмыс істейтін сотталушылардың жасап шығарған өнімдері көрсетілді», - деп атап өтті аймақтағы ҚАЖ департаментінің өкілі Тұрсынай Рахмат.

Көрмеге ОҚО Кәсіпкерлер палатасы, облыс әкімдігінің кәсіпкерлерді дамыту басқармасының өкілдері, кәсіпкерлік қауымдастығының қызметкерлері, сондай-ақ негізінен құрылыс саласында жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер қатысты.

Соңғы жаңалықтар