18:32, 15 Қаңтар 2015 | GMT +5
Шымкентте өрттен зардап шеккендерге «Қызыл жарты ай» белсенділері гуманитарлық көмек көрсетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте өрттен зардап шеккендерге «Қызыл жарты ай» белсенділері гуманитарлық көмек көрсетті.
Желтоқсан соңында тұрғын үйде газдың жарылуынан зардап шеккендерге «Қызыл ай» қоғамының белсенділері азық-түлік жеткізді. 8 отбасыға ұн, май, жарма, тәттілер салынған пакеттер таратылды.
Баспанасынан айырылғандардың кейбірі туыстарын паналаса, қалғандары Әкімдік берген жатақханаға орналстырылған. «Қиындыққа душар болғандарға жәрдем көрсетеміз. Азық-түлік береміз. Мұндай қолдауды ай сайын жасап отырамыз», - деді «Қызыл жарты ай» қоғамы филиалының директоры Малика Юсупова.
Желтоқсан аяғында газ жарылуынан зардап шеккен жанұяларға танымайтын адамдар да көмек көрсетуде. Бірі азық-түлік берсе, енді бірі заттай жәрдем көрсетуде.