Шымкентте өткен агроөнеркәсіптік көрмеге жеті елден 70 компания қатысты (ФОТО)

Қазақстан, Ресей, Германия, Италия, БАӘ, Польша, Қырғызстаннан келген 70-тен астам компания «AgroPromShymkent2015» көрмесіне өз өнімін қойды. Көрме қатысушылары ауыл шаруашылығы техникасын, жабдық, жылыжай, мал шаруашылығы, бақша шаруашылығы, құс шаруашылығы саласындағы жаңа әзірлемелерді көрсетті. Өндірушілер азық-түлік өнімдерін, сусындар, заманауи орама үлгілерін әкелді.
«Бүгінгі өтіп жатқан агроөнеркәсіптік көрмеге қатысқаныма қуаныштымын. Қыркүйекте Сочиде екі президенттің кездесуі өткен. Ол кезде агроөнеркәсіптік салаға арналған өңіраралық форум өткен болатын. Бүгінгі шара сол кездесуге өзіндік жауап десе де болады. Қатысушыларға, бірінші кезекте, РФ кәсіпорындарымен барынша тиімді келісімшарттар жасасуына тілектеспін», - деді ҚР-дағы РФ сауда өкілі Яковлев.
Қазақстандық өндірушілер павильонына келушілер қатары көп болды. Шымкент кондитерлік кәсіпорнының өнімінің дәмін көруге болады. Тәтті болған соң жылдам сатылып кетті. Күркетауық етін өңдейтін жалғыз кәсіпорын шұжығының да дәмі ерекше. «Бұрын жеуге қорқатынмын. Көрменің арқасында дәмін татып көріп, ОҚО-да мұндай тәтті шұжық жасалғанына таң қалған жайым бар. Енді сатып алатын боламын», - деп ойымен бөлісті көрме қонағы Әлия Ерсейітова.