Шымкентте өткен «Қазақ хандығы» конференциясына шетел ғалымдары қатысты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте өткен «Қазақ хандығы» конференциясына шетел ғалымдары қатысты.
None
None

Бұл конференцияның атауы - «Қазақ хандығы - Мәңгiлiк ел идеясы: тарихи тағдыр және сабақтар». Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан, Түркия, Қытай, Германия елдерінен келген ғалымдар бас қосты. Олардың барлығы көптеген жылдар бойы қазақ тарихын зерттеген. Олардың айтуынша, Қазақ хандығы жайлы Қытай және Парсы елдерінің қолжазбаларында айтылады.

Неміс университетінің профессоры Нұрлан Кенжеахметұлы қытайдың Мин әулеті билігі тұсындағы деректерден Керей мен Жәнібек хандардың есімін кездестірген. «Бұл есімдер деректерде 1447 жылдан бастап кездеседі. Олар Мин әулеті билігі тұсында елші болған. Ал Жәнібек екінші мәрте Қытайға елші ретінде 1453 жылы хат апарған», - дейді Нұрлан Кенжеахметұлы.

Профессордың ойынша, қазақ хандығы жайлы нақты деректерді табу, соның ішінде алғашқы дерек көздерін іздеу өте маңызды. Олар бұл жұмысты атқарып та жүр.

Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында қонақтар арнайы көрмемен танысты. Ол «Қазақ хандығы тұсындағы Отырар» деп аталған.

Соңғы жаңалықтар