Шымкентте өткен Наурыз айтыста бас жүлдеге тігілген 1,5 млн теңгені Біржан Байтуов иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Жеңістің 70 жылдығына орай және Ұлыстың ұлы күніне арналған республикалық Наурыз айтысы өтті. Жыр сайысына еліміздің от ауызды, орақ тілді 14 ақыны жолдама алған еді.
None
None

Наурыз айтысы шымқалада дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл жолғы аламан додаға Бекарыс Шойбеков, Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаева, Мұхтар Ниязов, Біржан Байтуов, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Қанат Мырзахан, Қажымұқан Абзалов, Нұрлан Есенқұлов, Ахметжан Өзбеков сынды елімізге белгілі ақындар қатысты. Жыр додасына белгілі жазушы-журналист Мархабат Байғұт төрағалық етті. Әділқазылардың ортақ шешімі бойынша бас жүлдеге Біржан Байтуов лайық деп табылды. Шымкенттік ақынға 1 млн. 500 теңгенің сертификаты тапсырылды. Жүлделі 1 орын - С. Тоқтамысоваға (1 млн. теңге), 2 орын - А.Жаппарқұловаға (750 мың теңге) ал 3 орын - Ә.Ережеқызына (500 мың теңге) бұйырды. Айтысқа қатысқан басқа да ақындарға арнайы жүлделер мен сыйақылар табысталды, деп хабарлайды kazaitys.kz.

Соңғы жаңалықтар