Шымкентте өткізілмек көгершіндер фестивалі ҚР Тәуелсіздігіне арналады

МКЕНТ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының көгершін баптаушылар қоғамы өзбектің ұлттық мәдени орталығымен бірлесе отыра Шымкент қаласында көгершіндер фестивалін өткізеді.
None
None

Өзбек ұлттық мәдени орталығы хабарлағандай, Шымкентте 12 қарашада өткізілмек көгершіндер фестивалі ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады.

Жоспарланып отырғандай, фестиваль аясында бағзы заманнан бері бейбітшіліктің символы саналған 20 ақ көгершін аспанға ұшырылады. Көгершіндер фестивалі 11.00-де «Әл-акрам» тойханасының алаңында өткізіледі. Мерекеге қатысуға ҚР мен Өзбекстанның барлық аймақтарынан көгершін баптаушылар шақырылған.

Соңғы жаңалықтар