12:55, 02 Маусым 2016 | GMT +5
Шымкентте пара алғаны үшін ОҚО МКД Кедендік рәсімдеу орталығының бас маманы ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро департаменті Шымкенттегі облыстық МКД Кедендік рәсімдеу орталығының бас маманы С. Тойлыбаеваны ұстады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

С. Тайлыбаева ҚХР-дан келген вагондарға «кедендік тазалауды» жылдамдатып жасап бергені үшін жеке тұлғадан 400 000 теңге пара алғаны анықталды.
Қазіргі уақытта С. Тойлыбаев УҰИ-ға қамалды.
Сот алды тергеу жүргізілуде.