Шымкентте полиция экипажымен болған жол апатына жеңіл автокөліктің жүргізушісі кінәлі

«Шымкент қаласындағы Қазыбек би мен Төреқұлов көшелерінің қиылысында орын алған жол апатын тексеру барысында анықталғаны: «Ниссан» автокөлігін басқарып келе жатқан Шымкент қаласының 1983 ж.т тұрғыны Төреқұлов көшесімен Қазыбек би көшесінің қиылысында (бағдаршам жұмыс істемей тұрған) ДҰҚ мен арнайы жарық белгісі қосылған «Киа» автокөлігіне жол бермей соқтығысқан. Салдарынан екі көлікке де материалдық шығын келген. Аталған жайт бойынша 34 жастағы «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБТК«Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы» 610-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда осы оқиға бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалып, анықтау жұмыстары жүргізілуде.