Шымкентте полиция көлігі соққан жаяу жүргінші қаза тапты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Полиция көлігі соққан жаяу жүргіншінің өліміне өкпе артериясы қанының ұюы себеп болды.

Азамат өлімінің алдын ала себебін Шымкенттегі жедел медициналық көмек ауруханасының нейрохирург-дәрігері Мұхаметқали Сариев айтты. Ол бірнеше күн бұрын науқасты реанимациядан жедел нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырған. Алайда оның жағдайы ауырлап кетті. «27 наурызда таңертең жүрегі тоқтап қалды. 20 минут ішінде қабылданған шаралар нәтижесіз болды», - деді Мұхаметқали Сариев.

Ол 35 жастағы ер адам апаттан кейін ауыр жарақаттармен әкелінгенін айтты.

Еске сала кетейік, апат 16 наурызда түнде орын алды. Ер адам өзіне қарай келе жатқан жеңіл көліктен қашпақ болып, өзге көшенің жүру жолағына шыққанда оны патруль көлігі соғады. Көлік рөлінде отырған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар
telegram