17:57, 24 Қараша 2011 | GMT +5
Шымкентте полиция қызметкері 16 жастағы қызды көлікпен қағып кетіп, опат қылдырды
ШЫМКЕНТ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкент қаласының көшесінде 16 жастағы қызды полиция қызметкері мініп жүрген көлік қағып кетіп, жасөспірім қаза тапты.

Бұл ақпаратты Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова растады. «Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Адам қағып кеткен ішкі істер органдарының қызметкері қамауға алынды. Ол уақытша ұстау орнында, сараптама қорытындысы бойынша жүргізуші алкогольді ішімдік ішкен-ішпегені анықталады», - деп түсіндірді С.Қаракөзова.