Шымкентте полицияның көліктерін өртеген 3 күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтардағы оқиғаларға байланысты бейнекамералар жазбаларына толық талдау жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None
«Террорлық шабуылдарға ұшыраған барлық қалада қайғылы оқиғалардың мән-жайлары тексерілуде. Сауда үйлердің, банктердің, мемлекеттік мекемелердің және басқа да объектілердің бейнекамераларының жазбаларына талдау жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Өскеменде «Халық банк» филиалының камерасынан алынған бейнежазбаны қарап шығу нәтижелері бойынша қала тұрғындары азамат «А» және «С» анықталды. Олар алдымен полиция қызметкерлеріне тастарды лақтырып, содан кейін оларға арматурамен дене жарақатын салды. Екі қылмыскер қамауға алынды», - деді Е. Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бөлек ол Шымкент қаласында арнайы іс-шараларды жүргізу нәтижелері бойынша қаңтар оқиғалары кезеңінде 3 полиция автокөлігін өртеп, тонауға қатысқан 3 тұрғын әшкере болғанын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қаңтар оқиғасына қатысты сот санкцияларымен 627 күдікті адам қамауда отыр.

Сонымен қатар, Талдықорғанда мемлекеттік нысандарды басып алу қатысушыларын қаржыландырғандар анықталды.



Соңғы жаңалықтар