Шымкентте Президенттік кадр резервінің қатысушылары жаңа қызметке тағайындалды
Айта кетейік, Сергей Компаниец 1986 жылы туған, білімі жоғары.
2009 жылы «Информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Басқару институтын тәмамдаса, 2016 жылы Джордж Вашингтон университетінің ақпараттық жүйелер және басқару технологияларының магистранты дәрежесін алған. Сол жылдары жылдың ең үздік бизнес студенттерінің бестігіне кірген.
2011 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Аймақтық академиялық инновациялық университетін бітірген.
Еңбек жолында ол ҚР «Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпараттық-тестілеу орталығы» мемлекеттік мекемесінде жүйе инженері, орталық директорының орынбасары, содан кейін директоры болып қызмет атқарған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі «Алмас» мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, «Учет Онлайн» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі директоры және Шымкент қаласы әкімінің аппаратында ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Бұдан бөлек, «Shymkent» ӘКК төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Бұл күні сондай-ақ, Президенттің кадр резервіне іріктеудің барлық кезеңдерінен сүрінбей өткен тағы бір жас жаңа қызметке тағайындалды. Олжас Шынтаев кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқаратын болды.
Ол 1990 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры. Орыс, ағылшын, қытай тілдерін меңгерген. Қазақстан Республикасы туризм индустриясының үздігі, ТМД Халықаралық достастық сыйлықтарының лауреаты.
Еңбек жолында «Ортон» ЖШС менеджері, ОҚО туризм индустриясын дамыту орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ОҚО индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының бөлім басшысы, «Ontustik tourism center» КМК директоры, Түркістан облысы туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы, «Qazaq Geography» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарып келген.