Шымкентте «Рахат» кондитерлік компаниясының өндіріс алаңы ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Рахат» кондитерлік компаниясының өндіріс алаңы ашылды. Қос бағытты іске қосқан кәсіпорын қазір 100 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жаңа ұжым жергілікті нарықты қамтып болған отандық өнімдерді шет мемлекеттерге де экспорт жасаймыз деп құлшынып отыр.
None
None

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспсөз қызметінен хабарланды.

Кондитерлік өндіріс салтанатты жағдайда ашылды. Өндіріс жылына 23 мың тонна өнім шығаруға қуатты. Қазір мұнда әзірге екі бағыт қана іске қосылған. Вафли мен күлшенің бір түрі дайындалады. Фабрика басшылығы алдағы уақытта 14 түрлі кондитерлік өнімді раныққа шығаратын болады. Әзірге мамандар жергілікті тәтті құмарлардың сұранысын зерттеп жатыр. Жаңа кәсіпорынның жұмысшысы Карима Каримова бисквит цехын қадағалайды. Автоматтандырылған қондырғының жұмысы мен өнімдердің сапасын бақылап отырады. Екі қолға бір күрек тапқан кейіпкеріміз облыста кондитерлік өндірістің қайта жанданғанына қуанышты.

Кәсіпорынды іске қосуға 3 млрд теңге жұмсалған. Тауарлардың басым бөлігі шет мемлекеттерге жөнелтіледі. Бүгіннің өзінде өндіріс орнына Ресей Федерациясы мен Өзбекстаннан тапсырыстар түсіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар