Шымкентте республикалық ақындар айтысы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18-ші наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Шымкенттегі «Түркістан» сарайында Ұлыстың ұлы күніне арналған республикалық ақындар айтысы өткізілмек.

Аталған жыр додасы Қазақстанның тәуелсiздiгiнiң - 25, Мәделiқожа Жүсiпқожаұлының - 200 және Қазанғап Байболұлының 125 жылдығына арналады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2004 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан республикалық айтысқа Айбек Қалиев, Біржан Байтуов, Аспанбек Шұғатаев, Нұрлан Есенқұлов, Мөлдір Айтбай, Мұқтар Ниязов, Карима Оралова, Жарқынбек Наушабеков, Қажымұқан Абзалов, Анар Жаппарқұлова, Қалижан Білдашев, Мақсат Аханов, Дәурен Ақсақалов, Бауыржан Шимерденұлы, Еркебұлан Қайназаров, Анапия Нұрғали сынды елге белгiлi жыр дүлділдері қатысады.

Айтыстың жүргізушісі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері - Жүрсін Ерман, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар
telegram