Шымкентте С. Бәйтерековке ескерткіш ашылды

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейдолла Бәйтерековке арналған аллея және тұлғаға арналған ескерткіш ашылды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

10 миллион теңгені құрайтын демеушілердің қаржысына жасалған ескерткіштің автор-мүсіншілері - Қазақстанның мәдениет қайраткерлері Сұлтан Иляев пен Мұратбаев Әбдуақат. Тау тұлғаға арналған ескерткішті ашуға облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысты. Сонымен қатар Қазақстанның түкпір-түкпірінен композитордың туған-туыстары мен жора-жолдастары әріптестері келді. Олар алдымен салтанатты түрде ескерткішке гүл шоқтарын қойып содан кейін марқұмға Құран бағыштады. «Бүгінгі күні ұлы композитордың құрметіне ескерткіштердің ашылуы - біздің ұрпақтың оған деген шынайы ризашылығы мен зор құрметінің көрінісі. Ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің мақтанышы, сыршыл да сазды әуендерімен көптің көңілін тербеткен дара дарындардың бірі Сейдолла Бәйтереков - ән өлкесінде өзіндік орын алған сазгер. Оның әндері қазақ өнерінің табиғатындағы тазалықты, өрлікті, сыршылдықты, сұлулықты паш етеді. Тума талант иесінің шығармаларының сыршылдығы туған жердің табиғатынан алған табиғилықтан болса керек», - делінген баспасөз баянында.

Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейдолла Байтерековтің кинофильмдерге, драмалық қойылымдарға, симфониялық оркестрге, хорға жазған туындылары Қазақстан композиторларының үздік шығармаларының қатарынан берік орын алып, әндері музыка сүйер қауымның рухани азығына айналды.

Соңғы жаңалықтар