Шымкентте сапасыз еттен уланған адамдардың саны 90-ға жетті

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда үйлену тойының дастарқанынан дәм татып, уланғандардың саны 90-ға жетті.
None
None

Бұл туралы «Бірінші Еуразия» арнасының тілшісіне облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан хабарлады.

Онымен қоса, инфекцияның таралу аумағы да кеңейді, қазір Сарыағаш, Түлкібас және Төле би аудандарының тұрғындары да зардап шеккендері анықталып отыр.

Дәрігерлердің ақпаратына қарағанда, 18 адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Дәрігерлер науқастардың жағдайын «орташа ауыр» деп бағалағанмен, науқастардың туыстары олардың жағдайы өте нашар екенін айтуда.

Ауданда әлі күнге дейін тексеру жүріп жатыр, мамандар үй-үйді аралап, адамдардың 6 мамыр күні «Медеу-ата» тойханасындағы үйлену тойында болған-болмағандары анықталуда.

Еске сала кетейік, алдын ала болжам бойынша, жаппай улануға тойханаға той иелері әзірлеп әкелген сапасыз ет себеп болған. Бұған дейін Шымкентте 450-ге жуық адамға тамақтан улану қаупі төніп тұрғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар