08:53, 05 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Шымкентте саяжай тұрғындарының тұрмыстық техникалары бір мезетте өртеніп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте саяжай тұрғындарының тұрмыстық техникалары бір мезетте өртеніп кетті. Қайнар бұлақ ауылының тұрғындары бір сәтте телевизор, тоңазытқыш және басқа да электр құралдарынсыз қалды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қайнарлықтардың айтуынша, бұған жоғары кернеу себеп болған.
«Аталған желілердің пайдаланылуын тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі қадағаламайды. Электр энергиясының жеткізілімін «ОЖТ» ЖШС жүзеге асырады. Трансформаторда күш кернеуінің шамадан тыс артқандығынан өрт шығып отыр», - деді Шымкенттің тұрғын-үй коммуналдық шарушалығы бөлімі секторының меңгерушісі Нұрлан Жаманкөз.