Шымкентте су мен жарық бағасы өсті

«Тұрғындар үшін су бұрын бір текше метрі үшін 35,83 теңге тұрса, қазір 47,75 теңге тұрады. Бюджеттік ұйымдар бұрын 106,47 теңге төлесе, ал қазір 212,94 теңгеден төлеуде. Заңды тұлғалар үшін тариф бұрын 133,96 теңге болса, ал енді 165,27 теңге болды», - дейді ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ОҚО бойынша департаментінен.
Кәріз қызметі де қымбаттады. Тұрғындар үшін оның бағасы 18,86 теңгені құрады. Электр энергиясына тарифтердің өсу себептері туралы ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ОҚО бойынша департаменті техникалық реттеу бөлімінің бастығы Гүлмира Жексенбаева баяндап берді. Оның айтуынша, электр энергиясы оны өндіруші ұйымдардан сатып алу бағасының 7,8 пайызға көтерілуі себепті қымбаттаған. Осылайша, тұрғындар үшін электр жарығы орташа есеппен алғанда, 6 пайызға қымбаттады. Егер бұрын 70 киловатқа дейін жарық энергиясын жұмсайтын клиенттер 11,94 теңгеден төлеп келсе, қазір олар 12,63 теңге төлейді. 70-тен 140-қа дейінгі киловатт жұмсау тарифі 15,86 теңгеден 16,84 теңгеге дейін өсті. 140-тан астам киловатт жұмсайтындар үшін тариф 19,82 теңгеден 21,06 теңгеге дейін көтерілді. Заңды тұлғалар үшін электр жарығының тарифі орташа алғанда, 11,7 пайызға өскені атап өтіледі. Айта кетейік, тарифтің бұлайша көтерілуі бұған дейін 2014 жылдың қаңтар айында болған.