Шымкентте сүйіктісімен жанжалдасып, өзіне қол салмақ болған жігіт құтқарылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте жігіт қызымен жанжалдасып қалып, өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«28 қаңтарда кешкі сағат 19:00-де Шымкенттегі Арғынбеков пен Қазиев көшелерінің қиылысындағы полиция патруліне бір топ жас жігіт келіп, Дендропаркте өз өмірін қиюға бел байланған досын іздеп жүргендерін хабарлаған», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз елордада өткен онлайн брифингте.
Полиция қызметкерлері мойнына ілмек қойып, өзіне құл жұмсамақ болған жігітті тапқан.
«Қызметкерлер оны құтқарып, оны төмен түсірді. Жас жігіт медициналық мекемеге жеткізіліп, оған көмек көрсетілді. Содан кейін жігіт полиция бөліміне барып, өз әрекетінің себептері туралы айтып берген. Тексеру барысында жігіттің қызбен арадағы жанжалға байланысты осындай қадамға бармақ болғаны анықталды», - дейді ол.