11:53, 26 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Шымкентте табиғи газдан уланған 3 адам қаза тапты - ТЖМ
АСТАНА. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат - Шымкентте табиғи газдан уланған үш адам қаза тапты. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше орын алған. Газ құбырының ақаулы болуынан сыртқа шыққан табиғи газ үш азаматтың өмірін жалмаған, тағы бір әйел ауруханаға жеткізілген.

Осы ведомствоның берген ақпараты бойынша Алматы қаласында да қатты отынмен жанатын пештің ақауынан шыққан ыстан екі әйел көз жұмған.