Шымкентте «Театр көктемі-2016» облыстық театр фестивалі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ТЕАТР КӨКТЕМІ - 2016» облыстық театр фестивалі Шымкентте өтеді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Фестиваль облыстық қуыршақ, опера және балет, әзіл-сықақ және сатира театрларында, Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры мен орыс драма театрында, облыстық өзбек драма театрларында 7-9 сәуір аралығында өңірдегі кәсіби театрлардың қатысуымен өтеді.

Аталған театр фестивалін елімізге белгілі КСРО және Қазақстанның Халық артисі, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрдың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық артисі, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты Есмұхан Обаев, театр және кино актері, Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі Бусурман Одуракаев, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт, әдебиетші, сыншы, профессор, Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Құлбек Ергөбек сынды бірқатар азаматтар қазылық ететін болады.

Шара қорытындысы бойынша үздік деп танылған қойылымдар арнайы сыйлықпен марапатталып, бас жүлде иеленген театр ұжымына автокөлік тарту етіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram