13:39, 23 Шілде 2015 | GMT +5
Шымкентте түнгі клуб маңында ер адамды өлтірген күдікті ұсталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте түнгі клуб маңында ер адамды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлады ОҚО ІІД-інен.
«1994 жылы туылған күдікті, жұмыссыз, бұрын сотталмаған азамат. Одан «Лидер» травматикалық тапаншасы тәркіленді», - делінген хабарламада.
ІІД деректеріне сүйенсек, қылмыстың барлық қатысушылары ұсталған. Олар - 6 адам. Еске салсақ, түнгі клуб маңындағы топтық жанжал туралы хабарлама 19 шілдеде полиция бөліміне түскен. Оқиға орнынан кеудесіне оқ тиген жас жігіттің мүрдесі табылды. Ол 1994 жылы туылған Шымкент тұрғыны болып шықты. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы («Кісі өлімі») бойынша қылмыстық іс қозғалды.