Шымкентте түнгі клубтағы кісі өлімі оқиғасы бойынша төрт адам қолға түсті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте түнгі клубтағы кісі өлімі фактісі бойынша төрт адам ұсталды.

«Үшеуіне қатысты ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар 1987 және 1990 жылы туылғандар. Бұдан басқа, 1986 жылы туылған полицей қамауға алынды, оның қонақтардың ортасында болғаны, қылмыстың алдын алу үшін еш шара қолданбағаны белгілі болды. Атыс ұйымдастырған тағы бір күдікті іздестірілуде», - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Еске салсақ, 19 шілдеде Шымкентте түнгі клуб келушілерінің арасында жанжал орын алады. Олар көшеге шығып, талқылауға келіседі. Нәтижесінде ер адам травматикалық тапаншадан оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Кеудесіне оқ тиген Шымкент тұрғыны, 1994 жылы туылған жас жігіт оқиға орнында қаза тапты. Оқиға Абай АІІБ сот алды тергеу бөлімінің бірыңғай тізілімне тіркелді. ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер барлық заттай айғақты тәркіледі. Бұдан басқа, кісі өлімі орын алған кезде клубта жүзден астам адам болған, жедел қызметкерлер олардың әрқайсысынан жауап алды.

Соңғы жаңалықтар
telegram