Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша конференция өтті

ШЫМКЕНТ. Мамырдың 26-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша конференция өтті. Оны «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту және дамыту орталығы» АҚ мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырып, өткізді.
None
None

«ОҚО энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына инновация мен энергия ресурстарын сақтайтын технологияларды енгізу» тақырыбында өткен конференция жұмысына облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, коммуналдық қызметтер пен үй комитеттерінің жеткізушілері қатысты. Олар орталықтың Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі ТКШ саласын жаңарту мен дамыту бойынша әзірлеген бағдарламасымен танысты.

«Біз бағдарламаны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірледік. Бағдарламаның жүзеге асырылуының алғашқы мерзімі 2010 жылға жоспарланған. Осы уақытқа дейін барлық схема жұмыс істеуі тиіс», - деді «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту және дамыту орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Талап Рахманов. Бағдарлама тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық проблемаларын - тұрғын үй қорын және коммуникациялық жүйелерін жөндеу, тәртіпке келтірілген шаруашылықты одан әрі пайдалану мәселелерін кешенді шешуді көздейді.

Орталықтың деректері бойынша, елдегі жалпы энергия желісінің 73 %-ы, жылу құбырларының 62,9%-ы, су құбырларының 63,5%-ы және газ шаруашылығының 54,3%-ы ауыстыруды, тым болмағанда күрделі жөндеуді қажет етеді. Шымкентте 1 787 пәтер бар. Олардың көпшілігі 20-шы ғасырдың 70-80 жылдары салынған және де бірде-бір рет күрделі жөндеуден өтпеген. Сонымен қатар, қалада бір де бір пәтер иелері кооперативтері жоқ, тұрғындардың пробемаларымен үй комитеттері айналысады. Су аққан шатырлар, су басқан жертөле, күтіліп ұсталмаған кіреберістер мен аулалар - осының нәтижесі.

Соңғы жаңалықтар