Шымкентте тұрғын үйдің 5-қабатындағы терезеден ер адамның мүрдесі ілініп тұрған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте тұрғын үйдің 5-қабатындағы терезеден ер адамның мүрдесі шығып тұрған.
None
None

ОҚО ТЖД жедел құтқару бөлімінің ресми өкілі Павел Вишенин мәлімдегендей, бұл оқиға туралы куәгерлер хабарлаған. «16 шағын аудан тұрғындары таңертең жұмыстарына бара жатқанда осындай көрініске тап болған. 5-қабаттағы терезеден ер адамның мүрдесі шығып тұрған», - деді Павел Вишенин.

Құтқарушылар тиісті жарақтарды алып оқиға орнына жетті. Ер адам терезенің тұтқасына сым байлап, сыртқа секірген. Құтқарушылар қаза тапқанның мәйітін жерге түсіріп, аудандық ІІБ қызметкерлеріне тапсырды. Олар ер адамның неліктен осылайша өмірін қиғанын анықтамақ.

Соңғы жаңалықтар