Шымкентте ұн бағасы тұрақтанды - қала әкімдігі

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бұған дейін, республикалық БАҚ-тарда Шымкент қаласында ұн бағасы күрт қымбаттағандығы туралы жазылған болатын.
None
None

Қазіргі таңда қаладағы ұн бағасы тұрақты деңгейде екендігін жеткіземіз. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.                     

«Ағымдағы жылдың тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы, «Атамекен» ЖШС және Шымкент қаласы әкімдігінің  арасында жасалынған үшжақты келісімге сәйкес қала аумағындағы наубайханаларға бірінші сұрыпты әлеуметтік ұнның қапшығы - 2350 теңгеден сатылуда», - делінген әкімдік баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін әлеуметтік ұнның бөлшек саудасын ұйымдастыру мақсатында «Атамекен» ЖШС-не қарасты 23 әлеуметтік дүкендер мен алдын ала анықталған 12 ірі сауда орталықтары арқылы бірінші сұрыпты ұнның келісі - 52 теңгеден қала тұрғындарына ұсынылуда. 

Одан өзге, қаладағы 3 базарда («Жоғарғы базар» ЖШС, «Самал», «Айна») әлеуметтік сауда орындары ұйымдастырылып, бірінші сұрыпты әлеуметтік ұнның бір қапшығы - 2650 теңгеден, ал келісі - 53 теңгеден  сатылуда. 

Соңғы жаңалықтар