Шымкентте үш күннен бері 18 жастағы бойжеткен іздестіріліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицейлер жоғалған 18 жастағы Шымкент тұрғынын іздестіріп жатыр. 5 тамызда Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жоғалған қыз туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

2004 жылы туған Аида Әбілданың ағасының айтуынша, ол 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қыздың жүрген жерін анықтау үшін Шымкент қалалық ПД-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Аида — Долана-Бұлақ колледжінің 1-курс студенті.
Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар (ЗОБ).
Қызды іздеу ДП басшылығының ерекше бақылауында.
Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуына болады.
Соңғы жаңалықтар