Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы құрықталды

ШЫМКЕНТ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы құрықталды. Бұл жөнінде бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Оразалиев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Полицейдің айтуынша, ұсталған адам қылмыстық ортада «үлкен беделге ие» және «Еска» деген лақап аты болған. Қылмыскер қала дәмханаларының бірінде құрықталды. Полицияның шұғыл қызметі ұсталған үш адамнан «ТТ», «ИЖ-78» және «Оса» тапаншаларын патрондарымен қоса тәркілеген. Олар мініп келген «Мерседес-Бенц Вито» көлігінен магазинінде 28 оғы бар Калашников автоматы болған», ? деді А.Оразалиев.Қылмыстық ортадағы беделді «Еска» 2006 жылдан бері ОҚО бокс федерациясының вице-президенті болды. Бұған дейін ол оқ ататын қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны және алып жүргені үшін бірнеше рет сотталған. Полицияның деректері бойынша «Еска» бопсалаумен, қылмыстық төбелеспен, борыштық міндеттемелерді мәжбүрлеп өндіріп алумен айналысқан. А.Оразалиев «Есканың» басқа аймақтардағы қылмыстық ортадағы беделділердің, сондай-ақ Ресейдегі, Қырғызстандағы және Өзбекстандағы «өз ұрыларының» ішінде тығыз байланысы бар екенін атап өтті. Ұсталған күдіктілердің барлығы да Шымкент ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулау абақтысына қамауға алынды, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар