Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың серкесі ұсталды

27 жастағы жігіт ҚР ІІМ-нің арнайы есебінде «ҰҚТ серкесі» ретінде есепте тұратын.
Полицейлер бұл топтың бірнеше қылмыстарға: адам ұрлауға, облыс аудандарында және Шымкент аумағында мал ұрлығы мен тонаушылық шабуылдарға қатыстылығын анықтады.
Өткен жылғы май айында жойылған қылмыстық топ 1984 жылғы жергілікті кәсіпкерді ұрлап әкетті. Оны босату үшін ақша бопсалады. Одан кейін «БМВ-525» автомашинасын тартып алып, қаланың ломбардтарының біріне кепілге салды. Одан кейін қаскөйлер кәсіпкерді босатып жіберді, ол сол бойдв ішкі істер органдарына шағымданды.
Тергеушілер қылмыстық іс қозғап, күдіктілерге қарсы бірнеше ауыр қылмыстары үшін іздеу жарияланды. Полицейлер сондай-ақ олардың Бәйдібек ауданында 10 бастан астам жылқы ұрлауға қатыстылығын да анықтады.
Бұл фактілер бойынша, бірнеше баппен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.