Шымкентте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында 24-28 наурыз аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді.
None
None

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланған.

Республикалық олимпиаданың салтанатты ашылуы Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында өтпек.

Олимпиаданың І,ІІ турлары бойынша оқушылар 25,26 наурыз күндері Шымкент қаласындағы №87 мектепте бақ сынаспақ. Сондай-ақ білім додасы кезінде оған қатысушыларға арналған концерт те қарастырылған.

Сонымен қатар, қатысушылар үшін қаладағы Тәуелсіздік саябағы, облыстық өлкетану мұражайы мен облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайына және Даңқ мемориалына экскурсия ұйымдастырылады.

Республикалық олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі 28 наурыз күні «Оңтүстік цирк» ғимаратында болады.

Соңғы жаңалықтар