02:29, 21 Шілде 2015 | GMT +5
Шымкентте жаңа электр стансасы іске қосылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі «Нұрсәт» шағынауданында құрылысы 10 айға созылған «Солтүстік» инновациялық электр стансасы ашылды.
«Электр стансасын салу кезінде отандық және шетелдік заманауи құрал-жабдықтар қолданылды. Негізгі құрал-жабдықтардың көлемі шағын. Бұл құрылыс жұмыстары кезінде өте ыңғайлы болды. Онда Кентау трансформаторлық зауыты өндірген қуаты 4000 ваттық 2 трасформатор бар. Ал өзімізде шығарылмайтын жабдықтар Ресей мен алыс шетелдерден әкелінді»,-дейді «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС жетекші инженері Самитдин Нұртаев.
Бірнеше қабатты және салмағы тоннаға жуық құрал-жабдықтардан тұратын электр стансасы автоматты түрде жұмыс істейді. Сондықтан болар, тек бір ғана жұмысшы барлық жабдықты басқарады. Ал мәліметтер ағынын негізгі монитордан көруге болады. Заманауи подстанция қауіпсіз әрі үнемді, деп хабарлайды otyrar.kz.