Шымкентте жаңа кәсіпорындар іске қосылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен Шымкентте екі жаңа кәсіпорын іске қосылды. Оның бірі «Оңтүстік» индустриалдық аймағында орналасқан «Tectum Enjineering» ЖШС-нің шифер (үй шатырларына арналған материал) зауыты болса, екіншісі - «KazBioLife» ЖШС-нің гофрокортон өндіретін зауыты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Шифер өндіретін алғашқы кәсіпорын «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Жоба құны 1,2 млрд. теңгені құрап, «Хатчек» әдісімен өнім шығарады. Мұнда 100 адам жұмыспен қамтылып, шығарылған өнім өңір нарығы мен Жамбыл, Қызылорда облыстарына, сондай-ақ Тәжікстан Республикасына жөнелтіледі деп күтіледі. Зауыт жылына 2,3 млн. дана үй шатырының материалын өндіру мүмкіндігіне ие.

Ал гофрокортон шығаратын зауыт «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жоба құны 650 млн. теңгені құрап, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылған. Жаңа зауытта бүгінде 60 адам жұмыспен қамтылып отыр. Кәсіпорын өндіріске қажетті шикізатты Алматы қаласы мен Ресейден алдырып, жылына 63,3 млн. шаршы метр кортон шығару мүмкіндігіне ие.

Облыс әкімі А. Мырзахметовтің айтуынша, кәсіпорындар Елбасының жуырдағы өңірге жасаған жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының ірі мегаполистердің қатарына қосылуына байланысты берген тапсырмаларының аясында іске асып жатыр.

Соңғы жаңалықтар