Шымкентте жастарды жұмысқа орналастыру туралы алқалы жиын өтеді

None
None
АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шымкенте 14 желтоқсан күні «Жастарды жұмысқа орналастыруда білім мен мәдениеттің маңызы» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны болады.

Оны «Жастарды жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қоры «Бота» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Өйткені әлемдік экономикалық және қаржылық дағдарыс дәуірінде жұмысқа орналасу Оңтүстік Қазақстан облысында жас мамандар мен жоғары оқу орындары бітушілері арасында көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Оған еңбек нарығының ұсынысы мен дәстүрлі академиялық білім беру ұсынысы арасындағы алшақтық өз ықпалын тигізуде. Сол себепті бұл шараның мақсаты - оқушылар арасында жоғары білім беру мен кәсіптік бағдарды талқылау. Сондай-ақ жұмыс берушілердің бітірушілер мен жұмыссыз жастарға қоятын талабы мен мүдделі тараптардың өзара әркеттестік жолы арқылы ұсынымдар жасау. Оған мемлекеттік құрылымдардың, жеке сектор мен жастар қоғамдық ұйымдарының жетекшілері қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар