Шымкентте жеке үйдің жанынан шарананың өлі денесі табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жеке үйдің алдынан шарананың өлі денесі табылуы бойынша тергеу шаралары басталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте жеке үйдің жанынан шарананың өлі денесі табылды

Айта кетейік,  шарана бүгін таңғы бестер шамасында Абай ауданына қарасты Жайлау шағынауданында табылған болатын. Оны таңғы намаздан қайтып келе жатқан ер азаматтар байқапты. Куәгерлердің сөзінше, толық жетілмеген шарана 6-7 айлық шамасында. Оны ақ матаға орап, сол маңдағы жеке үйдің жанына қалдырған. Тұрғындар  дереу полицияға хабар береді. Бұл мәселеге орай өңірдің полицейлері әзірге қанай да бір қорытынды шығару ерте дейді. Бірақ тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

«Шақалақты  жеке үйдің алдына белгісіз біреу тастап кеткен. Қазір бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу шараларымен Абай аудандық полиция бөлімінің тергеушілері айналысуда. Сараптамалардың қортындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданатын болады», - дейді Салтанат Қаракөзова.