Шымкентте жол апатынан Өзбекстан азаматы ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 7 қыркүйегі күні Шымкент қалалық полиция бөлімшесіне Еңбекші ауданының аумағында жол-көлігі апаты болғандығы жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері шамаман таңғы 5 сағат 30 минутта Әуезов пен Әлібеков көшелерінің қиылысында 1993 жылғы жүргізуші басқарған «БМВ» және «Дэу Нексия» көліктерінің соқтығысып қалғанын анықтады.
Жол апаты салдарынан «Дэу Нексия» көлігінің жолаушысы - 1990 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматы оқиға орнында көз жұмды. ОҚО тұрғыны мен оның 1990 және 1991 жылғы жолаушылары түрлі жарақаттармен аураханаға жеткізілді.
Аталған дерек ҚР ҚК-інің 345-бабында көзделген «Жол жүру ережесін бұзу немесе көлік құралдарын басқарушы тұлғалардың көлік құралдарын пайдалануы» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.