Шымкентте жолдағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары басталды

ШЫМКЕНТ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында қалалық жолдардың маусымдық жөндеу жұмыстары басталды. «Шұңқырларды жөндеу» 14 көшені қамтитын болады.
None
None

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен хабарлағандай, жөндеуден өткен жолдар бетінің жалпы аумағы 11 мың шаршы метрді құрайды. Жолдарды қыстан кейін тезірек қалпына келтіру үшін жұмыстар таңғы 8-ден бастап түнгі 2-ге дейін жүргізіледі.

«Бірінші кезекте магистральдық көшелерге баса назар аударылады. Бұдан кейін басқа жолдарды жөндеуге кірісеміз», - деп түсіндірді Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің автомобиль жолдары секторының меңгерушісі Жұмабай Ерімбетов. Жөндеу жұмыстарына 30 млн. теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар