Шымкентте жұмыспен қамту бағдарламасы аясында тағы бір тұрғын үй пайдалануға берілді

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бағыты бойынша - экономикалық белсенді аймақтарға шалғайдағы перспективасы жоқ ауыл тұрғындарын және балалар үйінің тәрбиленушілерін, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды көшіріп, жұмысқа орналастыру көзделгені белгілі.
None
None

Осыған орай, бүгін Шымкент қаласының «Нұрсәт» шағын ауданында басқа аймақтардан қоныс аударушыларға арналған 108 пәтерлік көпқабатты үй пайдалануға берілді. Жаңа пәтерлердің кілтін облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев табыс етті. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Еске сала кетейік, 2011-2012 жылдары Шымкент қаласында 480 отбасыға арналған 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Осы мақсатқа 2655,1 млн. теңге бөлініп, игерілген. Салынып біткен 3 көпқабатты үйге 163 отбасы, оның ішінде 2012 жылы 30 отбасы, 2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында 133 отбасы қоныстанды. Солардың ішінде 240 еңбекке жарамды азаматтардың 91-і тұрақты жұмыспен қамтылса, 31-і әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан. 3 адам кәсіби оқыуға жіберіліп, 3 адам орта білімін алу үшін кешкі мектепке орналасқан.

Тоқтала кететін жайт, «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасына енгізілген өзгерістерге байланысты, оның үшінші бағыты шеңберінде қоныс аударуға 29 жасқа дейінгі балалар үйі тәрбиленушілерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бар. Осыған орай, бағдарлама шеңберінде олардың өтініштері қаралып, балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатыстырылған.

Бағдарлама аясында салынған үйге Отырар, Сайрам, Шардара аудандарынан Түркістан, Шымкент қалаларынан 54 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді. Олардың қатарында 44-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетімдер болса, 10-ы - әлеуеті төмен елді мекеннен қоныс аударуға ниет білдірген отбасылар. Қоныс аударушылардың жаңа мекен жайында әлеуметтік және жұмыспен қамту мәселелері шешімін табатын болады.

Соңғы жаңалықтар