Шымкентте жыл соңына дейін 38 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жыл соңына дейін 38 көпқабатты тұрғын үй, нақты айтқанда, 3700 пәтер пайдалануға берілетін болады. Осы және өзге де мәселелер қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалық етуімен өткен қала әкімдігінің мәжілісінде кеңінен талқыланды. Аталған мәжіліске әкім орынбасарлары, аппарат басшысы және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен..
None
None

Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Алдымен қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Рақымберді Мүлкеманов үстіміздегі жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Баяндамада белгілі болғандай, мемлекеттік «Даму» бағдарламасы аясында атқарылған шаруалар әлі де болса көңіл қуантатын емес. Осыған орай, қала әкімі сала басшысына аталмыш бағдарламада меже етілген индикаторлық көрсеткіштерді жыл соңына дейін толығымен орындауды, бұл қатарда, орындалмай қалу қауіпі бар 16 индикатор бойынша апта уақыт ішінде жан-жақты талдау жүргізуді тапсырды. Мәжілістің күн тәртібінде, сондай-ақ, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асқар Қаныбековтің, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Еркін Бұқарбаевтың және Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Асылбек Арапбаевтың атқарған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. Жиынды қорытындылаған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Соңғы жаңалықтар