13:50, 03 Сәуір 2012 | GMT +5
Шымкентте жылу беру маусымы 5 сәуірде аяқталады
ШЫМКЕНТ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Шымкентте жылу беру маусымы 5 сәуірде аяқталады.

Бұл туралы өкімге Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбаев қол қойды, деп хабарлады қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінен.
«Біздің бөлімге тұрғындардың жылуды өшіріп тастау бойынша көптеген өтінімдері келіп түсті. Алайда үйлерді басқа нысандардан ажырата алмаймыз», - деді Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Гүлназ Шарманова.
Ол сондай-ақ бүгін қалада салқын болуатыны күтіліп, сол себептен жылу өшірілмегенін хабарлады. Синоптиктердің болжамдарынша, бұл температураның соңғы төмендеуі болған. Күндізгі ауа температурасы - шамамен 20 градус. Сондықтан жылу беру маусымын аяқтау шешімі қабылданды.