Шымкенттегі адам өліміне ақша қарызы себепші болды

ШЫМКЕНТ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте жас бизнесменді өлтірген 33 жастағы жұмыссыз адам құрықталды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі.
None
None

28 жастағы ұлының жоғалып кеткені жайлы оның анасы қаңтар айының соңғы ширегінде полицияға арызданып келді. Оның айтуынша, ұлы құрылыс бизнесімен айналысқан және белгісіз жағдайлармен із-түзсіз жоғалып кетті.

«Іздестіру ісі басталды. Бір апта ішінде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде біздің қызметкерлер күдікті азаматқа шықты», - деп хабарлады баспасөз қызметі. Осыған дейін сотты болмаған шымкенттік 33 жастағы азаматтың айтуынша, ол алдымен өз жемтігін ұрып-соғып, кейін өлтіріп тынған. «Қылмысының ізін жасыру үшін күдікті азамат мәйітті Төлеби ауданына алып шығып, далаға көміп тастады. Мұндай қатігез қылмыстың жасалуына зардап шегушінің күдікті азаматқа қарыз ақшасын дер кезінде қайтармағаны себепші болды», - деп түсіндірді баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Кәсіпкер жігіттің мәйіті жерден қазып алынып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 96-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат Уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды.

Соңғы жаңалықтар