19:20, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Шымкенттегі әскери бөлімде сарбаз асылып өлді
ШЫМКЕНТ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Шымкентте мерзімдік қызметін атқарып жүрген сарбаз асылып өлді. Бұл туралы журналистерге 65 06 әскери бөлімінің офицері Әлфия Ахметжанова айтты.

Оның сөзіне қарағанда, оқиға таңертең болған. Бақылау таспаларының жазбаларында сарбаздың түнде дәретханаға бара жатқаны түскен бейнекөрініс болған. Таңертең сарбаздың орнында жоқ екені анықталды. Оның мүрдесі әскери қызметкерлердің киім-кешегі кептірілетін бөлмеден табылды.
1992 жылғы жас азаматтың әскер қатарына Ақмола облысынан шақыртылғаны белгілі болды. Ол 2012 жылдың желтоқсанынан бастап қызмет еткен. Ә.Ахметжанованың айтуынша, жігіт өзін жақсы жағынан ғана көрсетті және өзіне өзі қол жұмсауға не себеп болғаны белгісіз.
Бұл оқиғамен қазіргі кезде әскери прокуратура айналысуда.