Шымкенттегі базарда шыққан өртпен 29 адам күресті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Шымкенттегі «Жанұя» базарында дүйсенбі күні таңертең электрлендірілген құрал-саймандарды сақтайтын және сататын екі сауда орны отқа оранды.
None
None

Өрт 1 сағаттың ішінде сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 29 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

 Жалын шарпыған аумақ 78 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум