Шымкенттегі форумда қаржыландыру әдістері және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның бизнесті қолдау нәтижелері талқыланды

ЫМКЕНТ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастыруымен «Даму институттарының ашық есік күні» бизнес-форумы өтті.
None
None

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ делегациясының құрамына енген отандық кәсіпкерлікті қолдаумен айналысатын даму институттары мен компаниялардың өкілдері өздерінің қаржылық құралдарын таныстырды.

Елде сегіз даму институты жұмыс жасайды, оның бесеуі «Самұрық-Қазына» тобына кіретінін айта кету қажет. Бұлар - «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, Қазақстанның даму банкі, Қазақстанның инвестициялық қоры, Kazyna Capital Managment (КСМ) және Экспортты сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорация, деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаржы институттарын және даму институттарын басқару жөніндегі директоры Бақытжан Сәркеев.

Форум қатысушылары кәсіпкерлер мен даму институттарының өзара іс-қимылындағы проблемаларды талқылап, шешуге тырысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы Жолдауында «жеделдете индустрияландыру және инфрақұрылымдарды дамыту есебінен экономиканың орнықты өсіміне қол жеткізу» жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінде индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың негізгі көздері даму институттары болып табылады. Олар бүкіл елдегі 146 инвестициялық жобаны қаржыландыруда, 96 жоба пайдалануға берілді. Бұл өндірістерде 20 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды. «Даму» қорының көмегімен шағын және орта бизнес саласында 8,5 мыңнан астам субъектіге қолдау көрсетіліп, 26 мыңнан аса жұмыс орындары ашылды.

«Егер нақты мысалдар туралы айтатын болсақ, Оңтүстік Қазақстан облысында заманауи мақта-мата кәсіпорындары іске қосылды, олар ішкі нарықпен қатар экспортқа да өз өнімдерін шығаруда», - деп атап өтті Б.Сәркеев.

«Қазақстанның даму банкі» АҚ инвестициялық жобаларды қаржыландыру ауқымында өңдеу өнеркәсібі саласындағы 5 жобаны қаржыландырды. Бұлар мақта талшығын өндіретін, жылдық қуаты 4 мың тоннаға дейінгі «Ютекс» АҚ; «Южполиметалл» өнеркәсіптік корпорациясы». «Ютекс» АҚ жылына 720 мың жинақ төсек-орын бұйымдарын экспортқа шығарады. «Меланж» АҚ жылына 5,2 млн. метр мақта-мата өнімдерін және 1,8 мың тонна мақта-мата жіптерін шығарады. Жылына 540 тонна медицина, мақта, косметика және гигиеналық өнімдер шығаратын «Фараб» комбинаты» ЖШС да тұтыну нарығында белсенділік көрсетіп, тұрақты жұмыс жасап тұр.

Сондай-ақ инвестициялық жобаларды қаржыландыру ауқымында «ЭкоӨнімГруп» АҚ-ның Түлкібас кентіндегі жеміс қалбырлары зауыты жаңартылды, мұнда 90 жұмыс орны ашылды. «Қазақстанның даму банкі-лизингі» қолдауымен 5 жоба қаржыландырылуда.

Соңғы жаңалықтар