Шымкенттегі индустриалды аймақта жаңа зауыт салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 қазанда ОҚО басшылығы мен «Цзинь-Ту-Ди» қытай компаниясы жетекшілігінің арасында іскерлік кездесу өтті. 
None
None

Аталған компания Қытайда суды үнемдеуді ендіру технологиясы бойынша ірі компаниялардың бірі болып табылады. Кездесу барысында «Оңтүстік» Индустриалды аймағында зауыт құрылысын бастау туралы келісімге қол жеткізілді. Жаңа зауыт толық циклды тамшылатып суару құрылғыларының жабдықтарын шығаратын болады. Жобаға салынып отырған қаржының жалпы құны 28 млн. АҚШ долларын құрайды.

Нысанның құрылысы екі кезеңде іске асырылатын болады. I кезең - 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталса, II кезең 2017 жылы бітеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жергілікті шаруалардың ауыл шаруашылығы бойынша біліктілігін арттыру мақсатында зауыт аумағында оқу орталығын құру жоспарлануда, деп хабарлайды  ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен. 

 

 

Соңғы жаңалықтар