Шымкенттегі караоке-барда екі адамды пышақтаған жігіт ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің көңіл көтеретін орынында екі адамды пышақтаған жігіт ұсталды. Караоке-барда қылмыс жасаған күдікті Бәйдібек ауданының жұмыссыз жүрген тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттегі караоке-барда екі адамды пышақтаған жігіт ұсталды

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қарагөзованың айтуынша, күдікті пышақталған жәбірленушілерді мүлдем танымаған. Бірақ сол орында жанжалдасып, ауыр қылмыс жасаған. Қазіргі таңда оның үстінен Еңбекші аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, қылмыстық оқиға 6 желтоқсан күні Сайрам мөлтекауданындағы караоке-барда болған еді. Көңіл көтеретін орынға келушілердің арасында жанжал шыққан. Төбелесте 1988 және 1989 жылғы екі жігіт жышақ жарақатымен қалалық жедел жәрдем ауруханасына түсті. Дәрігерлер алғашында науқастарды жансақтау бөліміне жатқызып, ота жасаған. Қазір жағдайлары қалыпты болуына байланысты палатаға ауыстырылды.