Шымкенттегі қоғамдық кеңес қалалық әкімдіктің бастамаларына қолдау білдірді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -   Шымкентте қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңестің мүшелері 2017 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2018 жылғы жұмыс жоспарын бекітті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында қала әкімі Нұрлан Сауранбаевтың баяндамасы тыңдалды. Шаһар басшысы миллионға жуық тұрғыны бар қалада өзекті проблемаларды сөз етіп, атқарылуы тиіс мәселелерді көтерді. Мәжіліс қорытындысында қоғамдық кеңес мүшелері Шымкенттің дамуы үшін жасалған жобаларға,  қызыл сызықта орналасқан құрылыстарға қатысты пікір айтып, Қошқар ата өзені бойындағы тозығы жеткен үйлерді бұзу керектігін аллға тартты. Сондай-ақ, Фосфоршылар және Металлургшілер сарайын мемлекет иелігіне қайтару жөніндегі ұсыныстарға қолдау білдірді.

Айта кетейік, өткен жылы аталған кеңесте 9 отырыс өткізіліп, онда 20-дан аса нормативті-құқықтық акті қаралған болатын. Қоғамдық маңызы бар мәселені шешуде ұсыныстар жасалды. Мәселен, кеңес мүшелері Бауыржан Момышұлының ескерткішін ауыстыру мен қоғамдық көлік жұмысына қатысты және өзге де сұрақтардың шешілуіне қатысты бастама көтергені белгілі.

Кеңес мүшелері, бұған қоса, шаһардағы оқушылар сарайы алдындағы көлік тұрағын салуға, Қонаев даңғылы мен Арғынбеков көшесі бойында жылдамдық мөлшерін сағатына 60 шақырымнан 70 шақырымға арттыруды ұсынған еді.

null 

Соңғы жаңалықтар
telegram