17:43, 29 Маусым 2016 | GMT +5
Шымкенттегі көлік апатынан 7 адам жапа шегіп, жас бала қайтыс болды (ФОТО)
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласына жақын орналасқан Жаңаталап ауданында ірі жол көлік апаты орын алған.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, «Луидор» маркалы маршруттық таксидің 1976 жылы туған жүргізушісі «Дэу-Джентра» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. «Дэу-Джентра» рөлінде Шымкент қаласының 1984 жылы туған тұрғыны отырған. Апат орнында жедел жәрдем жеткенше 2 жастағы ұл бала қайтыс болды. Баланың отбасы жеңіл автокөлікте келе жатқан», - деп хабарлады.
7 адам аурухана жеткізілді. Олардың арасындағы тағы бір балаға қалалақ балалар ауруханасында ота жасалған. Қазір бала жасанды тыныс алдыру аппаратынан ажыратылған, өздігінен тыныс алып жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кімнің кінәлі екенін анықтау үшін сараптамалар тағайындалған.