Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінде «Алға, Қазақстан» флешмобы өтті (ФОТО)

АСТАНА. Қазақстан - 20 қараша күні бір уақытта елдің барлық аймақтарында «Назарбаев зияткерлік мектептері» желісінің 20 мектебін қамтыған «Алға, Қазақстан» жастардың би флешмобы болып өтті, деп хабарланған Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінің Facebook әлеуметтік желісінде.
None
None

Ел бойынша 3000 оқушының қатысуымен өткен шарадан Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі де тыс қалмады. Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінде ұйымдастырылған флешмобта 70 оқушы қатар тұра қалып, ұлттық және заманауи билерді орындады.

Шара соңында жас өрендер патриоттық ұрандарымен отандастарын алдағы ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар