Шымкенттегі түрмелерге жаппай бейнебақылау орнатылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі түрмелерге жаппай бейнебақылау орнатылады. Бұл туралы қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мадиевтің жұмыс сапары барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аумағында пенитенциарлық мекемелердің жұмыс барысымен танысқан Сағат Мадиев еңбекке қабілетті сотталғандарға жұмыс орындарын ұсыну маңызды мәселе екендігін алға тартты. Сотталғандарға жұмыс орындарын ұсыну үшін қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемелерге кәсіпкерлiк субъектілерін тарту керектігін айтты.

Сондай-ақ, жаппай бейнебақылау жүйесін орнату қажеттігін тапсырып, сотталғандардың құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша атқарылуы тиіс бірқатар тапсырма жүктеді.

Сағат Мадиев Қазақстандағы әйелдер үшін қауіпсіздігі барынша жоғары жалғыз мекемеде жазасын өтеп жатқан әйелдерді жеке қабылдап, мәселелерімен танысты.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аумағында әртүрлі мазмұндағы 6 пенитенциарлық мекеме жұмыс істейді. Олардың бесеуі қала аумағында болса, біреуі Түркістан облысында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар