Шымкенттегі жылу орталығы газ тасымалдаушы компанияға 1,5 млрд теңге төлейтін болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі «3-ші ЖылуЭнергоОрталық» газ тасымалдаушы компанияға 1,5 млрд теңге төлейтін болды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на қарасты компанияға қомақты ақша төлеу туралы шешімді облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі аталмыш соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

null

Істі қараған судья Бауыржан Диханбаев жылу беруші орталықты талап арыз беруші компанияның сот шығындарын өтеу үшін 47 млн теңгеден аса қаражат төлеуді міндеттеген.

null

Белгілі болғандай, «3-ші ЖылуЭнергоОрталық» өткен 2016 жыл көлемінде 1 645 589 731 теңгеге көгірдір отын тұтынған. Алайда тұтынған көгілдір отын үшін ақысын төлемепті. Тек қомақты соманың тек 20 млн теңгесін ғана қайтарған. Сондықтан газ тасымалдаушы компания сотқа жүгінуге мәжбүр болыпты. Енді бұл қарызды орталық кезең-кезеңімен төлейтін болды. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар